КОМПАНИЯ ТАРИХЫ
«TUTAS» ЖШС 2006 жылы цемент пен құрылыс қоспаларын өндіретін кәсіпорын ретінде құрылды.
Қазақстан Республикасында жол салу саласын кеңейту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның бекітілуімен, 2009 жылы компанияның жаңа қызмет бағыты ретінде асфальтобетонға арналған минералды ұнтақ өндіретін зауыт іске қосылды.
2010 жылы мұнай-газ өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты республикада бұрғылау ерітінділерін алуға негіз болатын барит утяжелительіне үлкен сұраныс пайда болды. Осыған орай, кәсіпорында жаңа өнім – барит утяжелителін шығару жолға қойылды.
2011 жылы, өнім ассортиментін кеңейту мақсатында және ең ірі көмір өндіру аймақтарының бірінде орналасқандықтан, инертті гидрофобты шаң өндірісі игерілді. Бұл өнім көмір қазбаларындағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2014 жылы, пайдалы қазбаларды жыл бойы байыту мәселесін шешу үшін, «TUTAS» ЖШС өндірістік қуатында жаңа байыту әдісі әзірленіп, патенттелді. Бұл технология қазіргі қолданыстағы әдістермен тиімсіз саналатын ТМО пайдалы қазбаларын өңдеу саласында үлкен әлеуетке ие.
2016 жыл. Қолданыстағы кен орындарының сарқылуына және марганец концентратының тапшылығына байланысты, кәсіпорын марганец кенінің қалдықтарын байыту жобасын сәтті іске қосты.
Лугин И.В., «TUTAS» ЖШС директоры
«TUTAS» ЖШС сертификаттары мен лицензиялары
Компания саясатының арқасында біз сенімді жеткізушіміз, бұл біздің көпжылдық серіктестерімізбен расталады, олардың қатарында:


«TUTAS» ЖШС – шын мәнінде жұмыс істейтін және инновациялық компания
Біздің клиенттердің пікірлері






